Астаналық полицейлер Алматыға кеткен кәмелетке толмаған екі баланы тапты

Azattyq Rýhy

15 жастағы жеткіншектердің Алматыға индрайвер тасымалдау көлігімен кеткені анықталған

Астаналық полицейлер Алматыға кеткен кәмелетке толмаған екі баланы тапты
Фото: Астана қалалық ПД

Елорда тұрғыны полицияға кәмелетке толмаған қызы мен жиенінің жоғалып кеткені туралы арызданған. Жеке құрам бірден балаларды іздеуге жұмылдырылып, олардың болуы мүмкін барлық жерлері тексерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Астаналық полицейлер 15 жастағы жеткіншектердің Алматыға индрайвер тасымалдау көлігімен кеткенін анықтаған. Жалдамалы пәтерде түнеп шыққан жеткіншектерді келесі күні таңертең қаланы аралап жүрген жерінен полицейлер тауып алған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен жоғалған жасөспірімдер анықталып, ата-аналары келгенше кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Олармен ата-аналарының қатысуымен алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізіледі», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.