Актер қазақстандық блогер stories-ін өзінің парақшасына салған
Америкалық Оскар сыйлығын алған актер Уилл Смит әлеуметтік желіде қазақстандық блогердің stories-ін оқып, оны өз парақшасына жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматылық блогер Елдос Сансызбаев досымен бірге Уилл Смит түскен фильмге барған. Ол бұл туралы Instagram-да баяндап, актерді белгілеп, кинокартинаның басты кейіпкерлерін қолдауға келгендерін қазақ тілінде жазған.
«Мен әлі таң қалып тұрмын. Мұны мақтану үшін емес, рилс түрінде естелікке қалсын деп салдым», - деді блогер 10 Маусымда.
Дәлел ретінде ол Instagram-да Уилл Смиттің stories-ін көрсетіп, repost-ты көрсетті.