Ол ауруханаға 15 сәуірде жеткізілген
Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн-брифингте хабарлады.
«Бүгін сағат 10:40-та тағы бір азаматша қайтыс болды. Ол 64 жаста. 15 сәуірде ол жедел жәрдеммен ауруханаға әкелінді. Сол кезде жағдайы өте ауыр болған. Реанимацияға жатқызылып, жасанды вентиляция қойылды. Екі жақты пневмониясы болды. Қант диабеті бар. Интенсивті терапияға қарамастан жүрегі тоқтады. Біз марқмұмның отбасына көңіл айтамыз. Біз жақында ғана оның Ресей азаматы екенін білдік», - деді ол.
Жалпы, қалада коронавирус жұқтырғандардың саны 433-ке жеткен. 225 адам стационарда, 2396 адам үй карантинінде жатыр. 207 қауіпті індеттен айығып шыққан.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан