24.04.2020, 13:11
Қоғам
Елордада 3000 адам карантин режимін бұзғаны үшін жазаланды
Айыппұл тұрағына 1000 автокөлік қойылды
фото: Батыржан Беспаев
Нұр-Сұлтан қаласында төтенше жағдай режимін бұзған 1000 автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, 3000 адамға айыппұл салынған. Бұл жайында қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты.
«30 наурыздан бастап жолдарға 26 мобильді пост қойылды. Карантин режимін бұзғаны үшін 3000-нан астам қала тұрғыны жазаланды. 1000-нан астам автокөлік төтенше жағдай режимін ескермегендіктен айыппұл тұрағына қойылды. Қазір де постар жұмыс істеп тұр. Көлік көбейіп кеткен жерлерге қойып жатырмыз», - деді Бақтияр Мәкен.
Айта кетейік, Елордадағы оперативті штаб 15 мың камера арқылы қаладағы жүріс-тұрысты бақылайды.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
12.07.2026, 06:26
2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы өлі күйінде табылды
12.07.2026, 07:29
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы
12.07.2026, 15:48
Ақтаудағы қалың тұман салдарынан ұшақтар Атырау әуежайына қонды
12.07.2026, 10:02
Синоптиктер үш қала тұрғындарына ауа сапасына байланысты ескерту жасады
12.07.2026, 11:15
Астанадан Дубайға ұшқан ұшақ әуеде кері бұрылып, Қазақстанға қайтарылды