11.06.2024, 11:15
Қоғам
Шомылу маусымы басталғалы соңғы он күнде 8 азамат суға кетті
13 адам құтқарылды
Фото: istockphoto.com
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шомылу маусымы басталғалы бері 13 адамды ажалдан аман алып қалды. Алайда соңғы 10 күнде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 8 азамат суға кеткен. Соның ішінде кәмелет жасына толмаған 4 бала болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді және өзен мен көлде сағат сайын рейд жүргізуді тапсырды.
Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, қаланың жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)