Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі
«Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы «E-Petition.kz» ресми порталында ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады. Енді Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл мәселені қарастыруы қажет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі – оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды», - делінген министрлік хабарламасында.
Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.