Павлодар облысында 5 млрд теңге болатын жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылған

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында 5 млрд теңге болатын жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды, декп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Павлодар облысы Аққулы ауданында шаруашылық мақсаттағы 36 мың гектар жер жылдар бойы пайдаланылмай бос жатқан. Ал, осы аумақтарды рәсімдеп алған адамдар мал ұстамақ түгіл, шаруашылық ашпаған.

Сонымен қатар ауылдық округтерге тиесілі 24 мың гектар жер шаруа қожалықтарына заңсыз берілген.

Мемлекеттік мекемелер тарапынан ымырашылдыққа жол берілгенін анықтаған прокуратура жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тартып, бір ай ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын жайылым жерді халыққа қайтарып берді.