Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Түркістан облысының тұрғыны өзін арнайы қызмет қызметкері деп таныстырып, 12 млн теңге пара талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.
«Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырды және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі. ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құрады, оның жартысын алған кезде аталған азамат ұсталды», - делінген ақпаратта.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібінде сай өзге де ақпарат жария етілмейді.