$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2024, 12:55
Қоғам

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалу орындары анықталды

Биыл Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым, жексенбіге түсіп тұр

Астанада Құрбан айтта құрбандық шалу орындары анықталды
Фото: muftyat.kz

Құрбан айт мерекесі қарсаңында елордалық базарларда құрбандық шалу орындарында санитарлық нормалардың сақталуын тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:

  • «Шанхай» базары
  • «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10)
  • «Жайлау» базары (С-754 көшесі, ғимарат. 1)
  • «Шолпан-ата» базары («Алаш» тас жолы, 27/2)
  • Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері, сою орындарының сатушылары мен иелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережеге сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында жүргізілуі тиіс.

«Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады», - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелис Қайнулдаев.

Айта кетейік, биыл Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым, жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтарға қосымша демалыс берілмейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар дүйсенбі – Құрбан айт күні демалмайтын болды

Серіктес жаңалықтары