«Көшпенділер» киножобасы: «Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды

Ол Бутафор бекінісін жымқырған

«Көшпенділер» киножобасы: «Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіре отыра  жымқырғаны үшін сотталды», -делінген Антикордың хабарламасында.

Сот үкімімен Жұбандықов шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.