«Жер конкурссыз берілген»: Жетісу облысында аудан әкімі жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Фото: istockphoto.com

Жетісу облысы Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокурорлар анықтағандай 120 га жер жекелеген шаруа қожалықтарына конкурссыз берілген (ҚР Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзу).

«Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу прокурорлары жалпы кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарды. Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмей, мақсаты бойынша пайдаланылмай, сондай-ақ жер заңнамасын бұза отырып берілген», - делінген хабарламада.