Қарағандыда балаларына алимент төлеуден жасырынып жүрген ана анықталды

Azattyq Rýhy

Оның балаларының алдында 9 миллионға жуық қарызы жиналған

Қарағандыда балаларына алимент төлеуден жасырынып жүрген ана анықталды
Фото: istockphoto.com

Маусым айының басында Көші-қон қызмет басқармасына жеке сот орындаушысынан Қарағанды облысының 44 жастағы азаматшасына қатысты іздеу жариялау туралы қаулысы түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Азаматша 2015 жылдың ақпан айынан бастап өзінің кәмелеттік жасқа толмаған балаларын күтумен тәрбиелеуге қатысты алимент төлемей қашып жүрген.

Осы уақыт аралығында оның балаларының алдында 9 миллионға жуық қарызы жиналған. Алайда, жеке сот орындаушылары оның нақты тұрғылықты жерін таба алмаған.

«Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жұмыстар барысында азаматшаның Қарағанды қаласында тұрып жатқан мекенжайы анықталып, іздеу жариялаған сот орындаушыларына берілді. Белгілі болғандай, азаматша сот орындаушылардан жасырынып, бірнеше рет мекен жайын және ұялы байланыс нөмірін ауыстырып отырған. Алдағы уақытта оның алимент бойынша қарызын өндіріп алумен сот орындаушылар айналысатын болады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.