Ол бала асырап алу жүйесіне цифрландыру жұмысы жетіспей тұрғанын атап өтті
Смановтардың бала асырап алу мәселесінде тамыр-таныстық пен жемқорлықтың бір ұшы көрініп тұр. Бұл туралы сенатор Бибігүл Жексенбай айтып берді, деп Azattyq Rýhy.
«Балаларды қамқорлыққа заң шеңберінде алмаған. Өзім оқиға туралы таныспын. Асырап алған адамның денсаулығында ақау бар дейді. Психикалық ауытқуы бар адамға балаларды кім берген? Бұл мемлекетімізге үлкен таңба қалдырды. Заң бұзған жергілікті билік жауап беруі керек», - деді ол.
Депутаттың сөзінше, балаларды асырап алған отбасыларды тексеру жұмыстары үлкен қалалар: Астана, Алматыда жүргізіледі, ал аймақтардағы жергілікті атқарушы органдар оны мүлде назардан шығарады.
«Бала құқығын қорғайтын органдардың күделікті мониторинг жұмысын цифрландыру керек деп ойлаймын. Барлығы электронды жүйеге келтірілуі керек», - деді Бибігүл Жексенбай.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 6 бала асырап алып, оларға мысықтың еті мен зәрін беріп қорлық көрскеткен емші Ұлықбек Смановтың балаларды қайдан, қалай асырап алғаны туралы жазған едік.
Оқи отырыңыз: Эксклюзив: Алты балаға мысық сойып берген Сманов Астанадан небары 1 айлық шақалақ қызды асырап алған
Адам төзгісіз қорлық көрген жетімдер Смановтың уысынан қалай құтылып шықты?