$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2024, 12:58
Қоғам

Сенатор Бибігүл Жексенбай «Масс-медиа туралы» заңның жаңашылықтарын атады

Заң жобасы арқылы телеарналардағы қазақ тілді контенттің үлесі 60 пайызға дейін ұлғайды

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай журналистердің сұрағына жауап бере отырып, «Масс-медиа туралы» заң жобасының оң өзгерістерін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің ойымша, бұл ұзақ талқыланған заңдардың бірі болды. Осыдан екі жыл бұрын қоғамдық ұйым ретінде Бас редакторлар клубы атынан да біраз ұсыныстар бергеміз. Әрине, жұмыс топтарындағы, мәжілістегі талқылаулар барысында біраз ұсыныстар түсіп қалды. Дегенмен, оң өзгерістер де бар екенін мойындауымыз керек. Қазақ тілді және отандық контенттің үлесін 50 пайыздан 60 пайызға дейін арттыру –  бүгінгі күннің ең өзекті мәселесінің бірі болып тұр», - дейді сенатор.

Оның айтуынша, қазір «дәл қазір біз контент мәселесіне аса көңіл бөлмесек, ертең үлкен зиян көруіміз мүмкін».

«Менің өз басым үлесті 70-80 пайызға дейін ұлғайтуды ұсындық әрине. Менің ойымша 60 пайыз да аз. Бірақ, осылай бірте-бірте көтереміз деген ойдамыз», - деді сенат кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сенат Парламент сенаты «Масс-медиа туралы» заңды мақұлдады.

Серіктес жаңалықтары