$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.06.2024, 07:27
Қоғам

СҚО тұрғыны жеке үйінде құтырма ауруы бар түлкіні ұстаған

Жануар агрессивті болған, оның жүні шашыраңқы болып, сілекей көп бөлінген

СҚО тұрғыны жеке үйінде құтырма ауруы бар түлкіні ұстаған
Фото: istockphoto.com

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Старобелка ауылында жеке тұрғын үйдің қора-қопсысынан ұсталынған түлкіде құтырма ауруы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qyzyljarnews.kz-ке сілтеме жасап.

СҚО ветеринария басқармасының ақпаратына сәйкес, Старобелка ауылының тұрғыны мамырдың 28-сі күні ауласына кіріп кеткен жабайы жануарды ұстады. Кейін белгілі болғандай, түлкі құтырма ауруына шалдыққан.

«Жануар агрессивті болған, оның жүні шашыраңқы болып, сілекей көп бөлінген. Күдіктенген үй иесі оқиғаны тиісті орынға хабарлаған. Патологиялық материалды зертханада тексергеннен кейін түлкіде құтыру диагнозы расталды. Түлкі үй жануарларымен байланыста болмаған», — дейді облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазанов.

Алдағы уақытта Бірлік ауылдық округінің әкімі эпизоотиялық індетті жою және аурудың алдын алу мақсатында тұрғын үй аумағында шектеу шараларын белгілеу туралы шешім қабылдамақ. Оның нәтижесінде түлкі ұсталынған баспана иесінің қора-қопсысы зарарсыздандырылып, барлық үй жануарына құтырма ауруынан екпе қойылады.

Басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, облыста бірде-бір ауыл шаруашылығы жануары құтырма ауруына шалдықпаған. Қауіптті дертке шалдығудың соңғы дерегі 2021 жылы анықталған.

Серіктес жаңалықтары