Шымкентте заң бұзған 34 шетелдік еліне аттандырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы заң бұзған 266 шетелдік анықталды

Фото: polisia.kz

Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзған 34 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізіп, екі күнде көщі-қон заңнамасын бұзған 266 шетелдік пен Қазақстан азаматтарын анықтады.

«ПД-ның қабылдап-тарату орнына жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 109 адам орналастырылды. Шетелдіктердің ҚР-да болу ережелерін бұзған 208 тұлға анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен хаттама толтырылды. Шетел азаматтарын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 104 шымкенттік ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен және шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 20 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 34 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды», - делінген ақпаратта.