«Бэтмен бұрынғыдай емес»: депутаттың жаңа «супер қаһарман» бейнесі көпті күлдірді

Azattyq Rýhy

Халық қалаулысын «Өрмекші адам, Темір адам мен Капитан Америка» сенбілікке шақырды

«Бэтмен бұрынғыдай емес»: депутаттың жаңа «супер қаһарман» бейнесі көпті күлдірді
Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты Руслан Берденов түскен супер қаһарман видеосы тағы талқыда, бұл жолы оны «Өрмекші адам» сенбілік жасауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Берденов Астанадағы ең биік ғимараттың төбесіне шығып, Бэтмен бейнесінде видео түсірген. Супер қаһарманның "киімін киіп" ол Әбу Даби Плазаның шатырына шыққан. Бейнероликті әлеуметтік желіде видеограф Әділет Рахметолла жариялады, бірақ кейін оны ол видеоны өшіріп тастады.

Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

«Жалақы лямнан артық болған кезде», «басқа әлемнің типтік өкілі!», «Бэтмен бұрынғы қалпында емес», «Депутат хайп үшін плащ киді. Депутаттар темекі шекпейді деп кім айтты», «Секірмеді? Онда нең бар?», «цирк», – деп пікір білдірген еді қазақстандықтар.

Халық қалаулысының бұл «қылығына» Астана тұрғындары да назар аударды. Нәтижесінде әлеуметтік желіде сол Руслан Берденовтың қатысуымен тағы бір жаңа видео пайда болды.

«Бэтмен! Бэтмен! Төмен түс! Сенбілік!» - деп «Өрмекші адам» костюмін киген танымал КВН ойыншысы, әртіс, әзілкеш Нұрдәулет Шертім Әбу Даби Плазаға қарап оны шақырды.

Оның қасында Темір адам мен Капитан Америка бар. 

Айта кету керек, бұл видео да әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің күлкісін келтірді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.