Бұл айда Астана күні тойланады
2024 жылдың шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 шілде – Астана күні биыл шілденің алғашқы сенбісіне түсіп тұр. Осыған байланысты, сенбі, 6 шілде күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысқан. Яғни, елімізде 6,7,8 шілде күні демалыс болады.
Сонымен қатар, 13,14 шілде, 20,21 шілде, 27,28 шілде сенбі-жексенбі күндері ел азаматтары әдеттегі демалыс күндеріне шығады.