$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.06.2024, 10:20
Қоғам

Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері пара алған – Антикор

Бұл туралы әлеуметтік желі жазба жарияланған 

Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері пара алған – Антикор
Фото: istockphoto.com

Әлеуметтік желіде шыққан жарияланым бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтар тұрғысынан әлеуметтік желілерге, ақпараттық арналар мен мессенджерлерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.

Ақпаратты жүйелі талдаудың арқасында әр түрлі сипаттағы жемқорлық құқық бұзушылық анықталады. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерге уақытылы жауап беруге және қызметтің түрлі салаларындағы жемқорлықпен тиімді күресуге мүмкіндік береді.

«Мысалы, 2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы орналастырылған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді», - делінген ақпаратта.

Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары