Басқарма коронавирустан көз жұмған алматылық жайлы түсіндірді
Бүгін Алматы қаласында коронавирустан тағы бір науқас көз жұмды
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бүгін коронавирустан көз жұмған науқас туралы ақпаратпен бөлісті. Басқарманың хабарлауынша, 56 жастағы азаматтың коронавирус жұқтырғаны 17 сәуірде белгілі болған.
«Науқас 1964 жылы туған. КВИ 17 сәуірде анықталды. Қосымша диагноздары: созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы ағыммен жүйелі қызыл жегі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмония. 22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды желдету тиімсіз болуына байланысты инвазивті ӨЖЖ ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ сеансын алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады», - делінген хабарламада.
Басқарманың хабарлауынша, 30 минут өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмай, науқас таңғы сағат 07:00-де қайтыс болған.