Балалар көшеде ересектерсіз жүрген
Павлодарда балалары ересектерсіз көшеде жүрген 27 ата-ана карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Павлодар облсының Полиция департаменті.
«Ақсу қалалық мәдениет саябағында 6-13 жас аралығындағы төрт бала ата-анасыз жүрді. Карантин кезеңінде заңды өкілдерісіз үйден тыс жерде болғаны үшін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылады (ӘҚтҚРК476-бабының 6-бөлімі)», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде ювеналды полиция қызметкерлері 60 ата-ананы балаларды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша міндеттерін орындамағаны үшін ӘҚтҚРК 127-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Рейд барысында алкогольді ішімдікке салынып, 4 және 6 жастағы екі баланы дұрыс тәрбиелемейтін 38 жастағы әйел анықталды. Қала тұрғыны ӘҚтҚРК 127-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар, ананың әрекеті кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысында қарастырылады», - деп хабарлайды облыстық ПД.