Байбек жарықсыз отырған «Лесная поляна» мәселесі партия бақылауында екенін айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Төрт күн бойы жарықсыз отырған «Лесная поляна» тұрғындары наразылыққа шықты

скриншот: youtube

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек елорда іргесіндегі төрт күннен бері жарықсыз отырған «Лесная поляна» елді мекеніне қатысты пікір білдіріп, партияның Ақмола облыстық филиалы басшылығына бұл мәселені шешуді тапсырды.

«Партияның Ақмола облыстық филиалының басшылығы қалыптасқан ахуалды таразылап, жергілікті атқару органдарымен бірлесіп мәселені жүйелі түрде шешу шараларын тұжырымдауы қажет. Адамдар әлдебіреудің салғырттығы салдарынан зиян шекпеуі тиіс, әсіресе Төтенше жағдай кезінде мұндайға тіпті де жол беруге болмайды. Партиялық бақылау комитеті бұл мәселені ерекше бақылауға алады», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бірнеше күннен бері жарықсыз қалған елдімекен тұрғындары өткен түні көшеге шығып, наразылық танытқан. Айтуларынша, коммуналдық төлем уақытында жасалып отырса да, «Лесная поляна» елдімекенінде электр жарығына қатысты мәселе түбегейлі шешілмеген.