Павлодар облысында ТЖ кезеңінде отбасында жанжал шығарған 263 адам жауапкершілікке тартылды
Баратын жері жоқ зорлық-зомбылық құрбандарына арнайы орын қарастырылған
Төтенше жағдай енгізілгелі бері ішкі істер органдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz порталы.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы азаматтардың хабарламаларына уақытылы жауап беру үшін отбасында жанжал шығаратын азаматтармен және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс жүргізілуде. Іс-шаралардың негізгі мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін болдырмау, ана мен баланы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтық сауаттылығын арттыру және қорғаудың нысандары туралы ақпараттандыру. Облыста карантиндік шектеулер басталғаннан бері 263 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді облыстық полиция департаментінде.
Департамент өкілдері отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының тұратын жері болмаған жағдайда олар уақытша үкіметтік емес ұйымдарға орналастырылатынын атап өтті. Бүгінгі таңда мұндай ұйымдарда 4 адам тұрады. Полиция заңнамамен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастыралытыны жөнінде түсіндіреді.