Ақмола облысындағы табиғи ландшафты нысандар мәселесі талқыланды

Azattyq Rýhy

Облыс бойынша 600-ден астам туристік кәсіпорын жұмыс істейді

Ақмола облысындағы табиғи ландшафты нысандар мәселесі талқыланды
Фото: prokuror.gov.kz

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында туризмді дамытудың жай-күйі мен келешегі мәселелері қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурскийдің айтуынша, өңірде стратегиялық бағыттарға бағытталған 3 базалық аймақ белгіленген.

«Бұл – Бурабай, Зеренді, Ерейментау және Қорғалжын аудандарындағы емдеу-сауықтыру және рекреациялық орталықтар. Елорданың жанында Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы, Ақкөл қалаларында, сондай-ақ, Біржан сал, Бұланды және Сандықтау аудандарындағы орталықтар табиғи ландшафты нысандар», - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ облыста қонақтар үшін 600-ден астам туристік кәсіпорын жұмыс істейді. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристік ағыны 1,3 миллион адамнан асты, оның 18,2 мыңға жуығы шетелдік туристер.

Спикердің айтуынша, облыстың ішкі туризмнің дамыуына Бурабай курорттық аймағы зор үлес қосып отыр.

Елімізде туризм саласы Ақмола облысында қарқынды дамып келеді

Өңірдегі туризмді дамытудың перспективалы бағыттарының бірі бірегей табиғи әлеуетінің болуымен және ыңғайлы логистикалық байланыстарымен ерекшеленетін Ақкөл өңірі деуге болады. Соңғы жылдары бұл өңірде келешегі зор инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр. Бұл болашақта туристерді тартудың қосымша нүктесіне айналмақ.

Жиында абаттандыру мен санитарлық жағдайға қатысты түйіткілді мәселелер мен оларды шешу жолдары сөз болды. Сонымен қатар жол бойындағы қызмет көрсету нысандары мен санитарлық-тұрмыстық нысандарды жақсарту және көбейту мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс басшысы жауапты мемлекеттік органдардың аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша жұмысының талапқа сай еместігін атап өтіп, туризм бойынша барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді, инвестиция тарту, инфрақұрылымды енгізу және тұрғындарға қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

«Бурабай шипажайы өңіріміздің танымал брендіне және еліміздің туризм секторындағы даму флагмандарының біріне айналды. Туристік ағынның жоғары болуы бірінші кезекте абаттандыру және санитарлық жағдайға байланысты бірқатар мәселелер анықталды. Осы фактілердің барлығы келген туристердің шағымын аңғартады. Шағымдар бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланып отырады. Мұндай жағдайларға жол берілмеуі тиіс», - деді Ахметжанов.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.