Су тасқынынан қырылған малдың еті тартылып сатылып жатыр: министрлік жауабы
Мәселеге қатысты вице-министр Аманғали Бердалин жауап берді
Су тасқынынан арам өлген малдың еті тартылған күйде базарда сатылып жатыр. Бұл мәселеге қатысты Сенат кулуарында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Менің ойымша, мұндай қауіп жоқ және бұл мүмкін емес. Неліктен? Себебі сауда орындарында ветеринарлық зертханалар етті тексереді. Біз кейбір БАҚ жариялағаннан кейін сауда орындарына барып, тиісті тексерулер жүргіздік. Бірақ мұндай фактіні таппадық. Бүгінгі таңда ветеринарлық қызмет жағдайды бақылауда», - деді Аманғали Бердалин.
Естеріңізге сала кетейік, бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қазақстанның бірнеше өңірінде су тасқынынан қырылған малдан тартылған ет жасалып, содан кейін оны сатқаны туралы ақпарат пайда болған.
Вице-министр, сондай-ақ, су тасқынынан 12 мың мал қырылғанын, бұл факт ет бағасына қалай әсер ететіні турлы айтты.