23.04.2020, 03:21
Қоғам
Қазақстанда коронавирус науқастардың 60%-да жеңіл түрде өтіп жатыр
Инфекция ошақтарында 39 585 байланыста болған адам анықталды
Қазақстанда бүгінгі таңда коронавирусты жұқтырғандардың 60%-ында ауру жеңіл және симптомсыз түрде өтіп жатыр, 13%-ында орташа ауырлық дәрежесі белгіленген, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«21 науқастың жағдайы ауыр, 6 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. COVID-19 елімізде анықталған сәттен бастап қайтыс болған 19 адамның созылмалы аурулары болды. Инфекция ошақтарында 39 585 байланыста болған адам анықталды, олардың 98%-ы табылып, оқшауланды. Жалпы, Қазақстан бойынша вирусты жұқтыру өсімі апта ішінде 10% шамасында құбылып тұрды, өткен тәулікте өсім 8%-ды құрады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
