Жыл басынан бері 12 адам суға кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Үш жылда су мыңнан астам адамның өмірін қиды

Фото: istockphoto.com

Жыл басынан бері 12 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала қаза тапты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Соңғы үш жылда су мыңнан астам адамның өмірін қиды. Былтыр шомылу маусымында 177 адам қаза тапты, оның 53-і жасөспірімдер. Ал 2022 жылғы статистиканы айтар болсақ, 183 адам, оның ішінде 62 бала суға кетті. Өздеріңіз байқағандай суға бату бойынша статистика 4%-ға жақсарған, балалардың қаза болу фактілері 15%-ға азайды», — деді ҚР ТЖМ өкілі Ерасыл Сайпаш.

Жыл басынан бері 12 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала қаза тапты. Дегенмен дер кезінде көмек көрсетіліп, аман қалғандар да аз емес.

«Былтыр Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті рейдтерінің арқасында 221 адам құтқарылды. Ал биыл қаңтар-мамыр аралығында 38 адам дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында аман қалды», — деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов.