Балалардың терезеден құлауын алдын алуға бағытталған нормалар қабылданды – Аймағамбетов

Темірхан Айжан

Депутаттың сөзінше, көпқабатты үйдің құрылысын бастау үшін мектеп пен балабақшаның санына мән беріледі 

Балалардың терезеден құлауын алдын алуға бағытталған нормалар қабылданды – Аймағамбетов
Фото: Istockphoto

Балалардың терезеден құлауының алдын-алуға бағытталған норма қабылданды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Балалар терезеден құлайтын проблема бар. Осыған байланысты көпқабатты тұрғын үйлердің терезелері міндетті түрде құлыптаулы болатындай, сол сияқты басқа механизмдермен қамту қажеттігі бойынша норма қабылданды», - деді ол.

Ол көпқабатты тұрғын үйлерді салуға қандай жағдайда жол берілмейтіні туралы айтты.

«Көпқабатты үйлердің құрылысы басталған жерде мектептер мен балабақшалар міндетті түрде болуы керек. Егер мектептер мен балабақшалар қажетті деңгейде болмаса, мектептер үш ауысымды болып кететін болса, онда көпқабатты үйлерді салуға жол бермеу сияқты нормалар қабылданды», - деп түсіндірді депутат.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.