Астанадағы құрылыс нысанында жұмысшылар төбелесті – полиция түсінік берді

Azattyq Rýhy

 

Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан адамдардың барлығын анықтады

Астанадағы құрылыс нысанында жұмысшылар төбелесті – полиция түсінік берді
Фото: instagram.com/police__astana

Кеше Астанада құрылыс нысандарының бірінде жұмысшылар арасында төбелес болған. Аталған оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 2024 жылы 27 мамырда елорданың құрылыс нысандарының бірінде орын алған оқиғаға қатысты шынайы емес ақпарат тарап жатқанын хабарлады.

«Аталған фактіге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.Жұмыс уақытында құрылыс нысанында жұмысшылардың арасында қақтығыс орын алғаны анықталды, оған ер адамның бірінің тұтастырғы құюға дайындап қойған еденнен өтіп кетуі және оған екінші жұмысшы адамның ескертпе жасауы себеп болған. Полиция келгеннен кейін жанжал реттелді», - деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаға қатысқан адамдардың барлығын анықтады, оларға қатысты заңда көзделген шаралар қолданылатын болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.