$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2020, 17:17
Қоғам

Айдан Кәрібжанов «Birgemiz» қорына 45 млн теңге аударды

Қорға 39 теңге аударғандар да бар

Айдан Кәрібжанов «Birgemiz» қорына 45 млн теңге аударды

21 сәуір сағат 18.00 жағдайға сәйкес, «Birgemiz» қорының шотында 23 480 984 414 теңге жинақталды, деп хабарлайды қордың ресми сайты.

Бүгінге дейін қорға 113 шоттан ақша түскен.  Ең көп сома аударған Александр Машкевич, Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимовтардың ERG компаниясы - 4 500 000 000  тг. «Халық» қайырымдылық қоры атынан Динара Кулибаева - 4 323 000 000 тг,  Болат Өтемұратов үш компания атынан 4 711 400 000 тг бөлген. Қорға қаражат аударғандардың жиырмалығын 45 млн теңгемен белгілі кәсіпкер Айдан Кәрібжанов түйіндейді. Ресми сайт ақша аударғандар тізімін күнделікті жаңартып отырады. Кәсіпкерлерден бөлек, қорға қарапайым тұрғындар да ақша жіберген. Бүгінгі күні онда түскен ең аз сома 39 теңгені құрайды.

Айта кетейік, қорға ақша аударғандар туралы мәліметті ресми сайттан көруге болады.

«Қор шығыстары бүгінгі күні 8 259 750 000 теңгені құрады: - 531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн. дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.) - 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.). - 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020)»,- деп хабарлайды қордың ресми сайты.

Серіктес жаңалықтары