Қазақстандықтар былтыр маркетплейстер арқылы телефон мен гаджеттер сатып алуға 486 млрд теңге жұмсаған

Azattyq Rýhy

2023 жылы бөлшек сауда нарығының көлемі 4,1 трлн теңгені құраған

Қазақстандықтар былтыр маркетплейстер арқылы телефон мен гаджеттер сатып алуға 486 млрд теңге жұмсаған
Фото: Azattyq Ruhy/Әсет Құндақбаев

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазақстандықтар 2023 жылы маркетплейстер арқылы телефон мен гаджеттер сатып алуға 486 млрд теңге жұмсаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сондай-ақ тұрмыстық техникаға 205 млрд теңге, компьютерлерге, ноутбуктерге 178,4 млрд теңге, автокөлік тауарларына 140 млрд теңге қаражатын санап берген.

Құрылыс және жөндеу жұмыстарына 85,7 млрд теңге, жиһазға 84,9 млрд теңге кетіріпті. Сондай-ақ, қазақстандықтар маркетплейстерде азық-түлік, үйге және саяжайға арналған тауарлар, косметика, киім, аяқ киім және спорт тауарларын сатып алуға құмар екенін атап өткен жөн.

Жалпы, 2023 жылы бөлшек сауда нарығының көлемі 4,1 трлн теңгені құраған. Бұл — 2022 жылмен салыстырғанда 28% - ға көп. Ол кезде көрсеткіш 3,1 млрд теңгені құраған еді. Сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесі 12,7% тең.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.