24.05.2024, 12:33
Қоғам
Заңсыз майнинг фермасын құрғандар 100 млн теңгеден астам пайда көрген
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Фото: скрин видео
Шымкентте майнер фермасын құрғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚМА анықтағандай, бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.
«Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден тұратын криптовалюта өндірге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып, тәркіленді», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)