Түркістан облысында жүк көлігімен келін түсірмек болғандар жауапқа тартылды

Azattyq Rýhy

Заң бұзғандарға қатысты хаттама толтырылды

Түркістан облысында жүк көлігімен келін түсірмек болғандар жауапқа тартылды
Видеодан алынған кадр

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі сағат 00:30 шамасында ауыл көшелерінің бірінен мемлекеттік белгісін тақпай, арнайы жарық шамдарын тағып, қатарласып жүрген автокөліктерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Арасында жүк көлігі бар құқық бұзушылардың той кортежін ұйымдастырып, келін әкеле жатқаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары жол ережесін өрескел бұзған көліктерді бірден тоқтатып, айыптұраққа жеткізді.

«Оның ішінде «VOLVO FH» жүк көлігінің жүргізушісіне авариялық жағдай туғызғаны, бағдаршамның тыйым салынған сигналына қарамай өткені, мемлекеттік тіркеу нөмірі болмағаны, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін 5 хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.