«Танымал адамдар ақшаңызды екі еселейміз дейді»: танымал блогер алаяқтыққа қатысты дабыл қақты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол жасанды интеллект арқылы жалған видео жасалатынын жеткізді

Фото: видеодан скриншот

«Sekavines» атымен танымал блогер Серғазы Тоқтарбек қазақстандықтарды алаяқтардан сақтануға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Танымал адамдардың қатысуымен ақшаңызды екі есе көбейтіп береміз деген видеоларға сенбеңіз. Олардың барлығы алаяқтар. Ешкімге ақша жібермеңіз. Ешқандай сілтемеге өтпеңіздер. Ешқайда ақша жібермеңіздер»,- дейді блогер.

Оның айтуынша, алаяқтардың мұндай арбауына егде жастағы адамдар түседі.

«Оларға түсіндіріп айту керек. Жасанды интеллект арқылы жасалады. Ешқандай сілтемеге кірмей,ешкімге ақша жібермесін. Ақшаңызды екі.үш еселейміз деген видеолардың барлығы-фейк»,- дейді ол.