Қытайлар мен жапондар қатысқан робототехника жарысында қазақ балалары жүлделі орынға ие болды

Аягөз Құрмаш

Олар командалық есепте екінші орын алған

Қытайлар мен жапондар қатысқан робототехника жарысында қазақ балалары жүлделі орынға ие болды
Фото: Абай облысының білім басқармасы

Шанхай қаласында «First Tech Challenge China» халықаралық чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қытай, Жапония және Қазақстаннан жиналған 50 команда қатысты. 600-ден аса қатысушы бақ сынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Абай облысының жаңадан құрылған  «TENGRI» құрама командасы Robot game номинациясы бойынша ІІ орын алса, Motivate award номинациясында үздік команда ретінде І орын иеленді. Жалпы командалық есепте үш елдің арасында ІІ орын алды. 

Команда құрамы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының оқушылары: Темірлан Абылхан, Радмир Жеңісбек,  Осман Қуанышбеков,  Балжан Найманғазина, Досжан Сабит, Нұртөре Мақсатұлы, Нұркен Төлеубек, Алан Ермекбаев.  

«Команда жетекшісі робототехника пәні мұғалімі Айдос Тұрсынбеков.  Ойын барысында команда автономдық режимде роботтарды жарыстырып, робот контроль ойынында пиксель жинады. Соңғы 30 секунд ішінде робот дрон ұшырып, турникке асылды», - деп хабарлайды Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, облыс командасы 18-19 мамырда өткен «Shanghai First Challenge» халықаралық чемпионатына жолдама ұтып алған.  Чемпионат технологиялар мен білім беру робототехникасын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.