$ 508.5  580.66  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2024, 06:49
Қоғам

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд-тан астам қаражат төленді

Біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінде облыс бойынша 3371 құжат қабылданды

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млрд-тан астам қаражат төленді
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ақтөбеде біржолғы әлеуметтік төлем ретінде 3 371 отбасына 1,1 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап әлеуметтік төлем аударылып жатыр.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінгі күні облыс бойынша 3371 құжат қабылданып, оларға 1,1млрд теңге тағайындалып, толық төлем жүргізілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер мұнымен жұмысты тоқтатпақ емес. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары