Пара алып келген: балық шаруашылығы комитетінің басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Күдікті электронды білезікпен үйқамақта отырады

Пара алып келген: балық шаруашылығы комитетінің басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді
Видео скрин

Антикор АШМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының үстінен қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен Комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады», - деп мәлімдеді Антикор.

Олар 2021 жылдан 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнестің өкілдерінен жүйелі негізде пара алып келді деген күдікке ілінген болатын.

Күдікті электронды білезікпен үйқамаққа жіберілді. Ал қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Төмендегі видеода Антикор Ауыл шаруашылығы министрлігінің лауазымды тұлғасы үш жыл бойы қалай пара алып келгенін схема арқылы көрсеткен. WhatsApp-та жазысқан хаттың скрині де бар. 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.