Instagram желісінде ұтыс ұйымдастырған павлодарлық блогер жазаланды (ВИДЕО)

Azattyq Rýhy

Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған

Instagram желісінде ұтыс ұйымдастырған павлодарлық блогер жазаланды (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Павлодарда өзінің instagram парақшасы арқылы заңсыз ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір осындай ұтыс ойындарға алданған азаматтардан түсетін шағымдар көбейіп кеткен.

«Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп тұрақты негізде интернет кеңістігіне мониторинг жүргізіп келеді. Нәтижесінде өзінің Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Сонымен қатар министрлік әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады. Бұдан бөлек 35-тен астам жағдай бойынша хаттамалар дайындалып жатыр», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
 

Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне рұқсат жоқ.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.