$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Шариғат бойынша бір рет неке қиылса жеткілікті»: Мүфтият Бишімбаевтың екі рет неке қиюы жайлы

Мүфтият ерлі-зайыптылардың қанша рет неке қиығанынан хабарсыз

«Шариғат бойынша бір рет неке қиылса жеткілікті»: Мүфтият Бишімбаевтың екі рет неке қиюы жайлы
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

ҚМДБ төрағасының орынбасары Сансызбай Шоқанов экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың екі рет неке қиюына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚМДБ-ға қазір қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарды біріктіріп ресми сауал жолдаған едік. Жастардың теріс ағымдарға кіріп кетуінің алдын алу бойынша дәстүрлі дінді насихаттау қалай жүріп жатқаны белгілі болды.

«Мешіттерде дәстүрлі исламды насихаттап, түрлі алауыздық тудырушы ағымдардан аулақ болу туралы жиі айтылады. Теріс ағымға кіріп кеткен азаматтармен арнайы оңалту жүмыстары жүргізіледі», - делінген сауал жауабында.

Сонымен қатар «ақырзаман» белгілеріне көпшілік қауым Мекке мен Мединадағы шөлейт жерге шөптің шығуын балап жүрген еді. Шоқанов осы мәселеге қатысты да жауап берді.

«Араб жазирасы шөптері жайкалып, өзендерге толмайынша қиямет-кайым орнамайды деген хадис бар. Бүл жайт толық орнықпады деген пікірді қазіргі ғалымдар ұстанады», - дейді ол.

Жақында әйелін ұрып өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Сот отырысында ерлі-зайыптылар екі рет некелерін қиғаны белгілі болды. Бұл сұраққа да жауап алуға тарыстық.

«Шариғат бойынша бір рет неке шарттарын толық орындап, неке қиылса жеткілікті. Аталмыш кісілердің неше марте неке киғаны жайлы мәлімет бізде жоқ», - дейді ҚМДБ төраға орынбасары Сансызбай Шоқанов.

Серіктес жаңалықтары