Нұр-Сұлтанда 2 жасар сәби коронавирустан жазылды
Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 24 адам жазылып шықты
Бүгін 24 адам коронавирус індетінен айығып шықты: Нұр-Сұлтан қаласы - 17, Қарағанды облысы - 2, Ақтөбе облысы - 1, Түркістан облысы - 4.
Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы індеттен жазылған азаматтар туралы хабарлады. Басқарманың мәліметінше, бүгін Елордада 3-4 сәуірден бастап стационарлық емделуде болған он жеті пациент коронавирустан жазылып шыққан.
«Барлық емделушілер КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес толық ем алды. Емделіп шыққан азаматтар екі апта үй карантинінде болады. 21 сәуірде жазылып шыққандардың қатарында екі бала бар. Олар 2015 жылғы ер бала мен 2018 жылғы қыз бала. Жазылғандардың бірі - коронавирус жұқтырған жүкті әйел. Ол 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді. Сәбидің сараптама нәтижесі - теріс», - делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша қауіпті індеттен айыққандар саны 476-ға жетті.