«Жыныстық инфекцияны тек әйелдер таратады»: Қазақстандық журналистің пікірі желіде қызу талқыға түсті
Тіпті, желі қолданушылары оны жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тарту қажеттігін жазуда
«Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар тек әйелдер арқылы ғана таралады». Қазақстандық журналист, отбасылық коуч Жанәділ Райымбековтің айтқан осы пікірі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Журналист подкастардың бірінде ерлердің жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды ешқашан таратпайтынын тілге тиек етті. Оның сөзінше, мұндай аурулар әйелдер арқылы тарайды.
«Егер әйел адам бірнеше еркекпен қосылатын болса, ол міндетті түрде инфекция таратады. Ал көп әйелі бар еркек өзінің сол әйелдерімен қосылса да, инфекция таратпайды. Әйел адам бөтен еркекпен қосылатын болса, ол инфекция таратады. Бұл ғылыммен дәлелденген нәрсе», - дейді ол.
Бұл пікір желіде қызу талқыланып, қазнет қолданушыларының наразылығын туындатты. Тіпті, дәрігерлер оны жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тарту қажеттігін жазуда.
Айта кетейік, бүгін, 15 мамыр Отбасы күніне орай Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы қолдауымен «Отбасы институты» жобасы аясында Жанәділ Райымбековпен онлайн кездесу ұйымдастырған.