Цукерберг әйелінің арқасында жастық шағына оралды

Темірхан Айжан

Ол әлеуметтік желіге туған күнінен фотолар жариялады 

Цукерберг әйелінің арқасында жастық шағына оралды
Фото: @zuck

Facebook әлемуеттік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 14 мамырда 40 жасқа толды. Оның туған күніне жұбайы Присцилла Чан ерекше сыйлық дайындаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Присцилла Чан күйеуінің жастық шағын өткізген орындардың шағын көшірмесін жасап шыққан. Оның ішінде бала Марктың кодттауды үйреніп талай жатқан бөлмесі, Facebook өмірге келген Гарвард жатақханасының мини бөлмесі, әлеуметтік желінің қолданушылары 100 миллион адамға жеткенше тұрған бөлмесі: ол жұпыны бөлмеде бір ғана матрас болған, Марктың офисі, оқуда жүрген кездегі Pinocchio's пиццериясы сияқты орындар бар.

Цукерберг Instagram парақшасына мини бөлмелердің бірінде Microsoft компаниясының негізін қалаушы Бил Гейтспен отырған фотоны салды. Сонымен бірге өте сирек көрсететін балаларының да суретін жариялады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.