Депутат бұл мектепте қордаланған проблемалар бар дейді
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Нұртаза Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждегі бірқатар проблемалық мәселелерді атап, Үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жас Ұлан» Шымкент республикалық мектебін әскери колледж етіп өзгертуге республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыруды;
әскери колледждер мен «Жас ұлан» республикалық мектептерінің пән мұғалімдері мен оқытушыларын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен педагогикалық шеберлік орталығының филиалдарындағы біліктілікті арттыру курстарында өтеусіз негізде оқыту мүмкіндігін қарастыруды;
әскери колледж кадеттерінің аралас жұмыс біліктілігін алу мәселесін пысықтауды;
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің екінші кезектегі объектілерін салу үшін жер учаскелерін алуға ақшалай қаражат іздестіру, бұрыннан бар ғимараттар мен құрылысжайларға жер учаскесін ресімдеу және колледжге тиесілі жер учаскесінде тұрғын үй кешенін салуға жол бермеу мәселелерін жеделдетіп шешуді сұраймын», - деді Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Нұртаза.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауларында Қарулы Күштер қатарын кәсіби тұрғыдан даярланған, Отанына адал қызмет ететін офицер кадрлармен және әскери қызметшілермен жасақтау қажеттігін бірнеше мәрте атап өткен болатын.