15.05.2024, 11:25
Қоғам
Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен кетті
Енді компанияны уақытша бұрынғы энергетика вице-министрі басқарады
Фото: gov.kz
Асхат Хасенов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін компанияны Мағзұм Мырзағалиев басқарған.
Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ол әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
Көп оқылған
28.06.2026, 11:46
Қарағандыда тергеу изоляторының қызметкерін ұрған тұрғын ұсталды
28.06.2026, 10:10
Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту
28.06.2026, 07:16
28 маусымда аптап ыстық +41 градусқа дейін жетеді
28.06.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
28.06.2026, 10:38
Жамбыл облысында жүк көлігі аударылып, отқа оранды