Қалада тіркелген отбасылардың жартысы ажырасады, ауылда үштен бірі

Автор: Azattyq Rýhy

2018 жылы Қазақстанда 141 797 неке тіркелсе, 54 мың 626 отбасы ажырасқан  

Оның ішінде қалада 96 865 неке тіркелсе, ауылда бұл көрсеткіш екі есе аз. Есесіне, қалада құрылған отбасылардың тең жартысы ажырасып кетеді. Бұл уақытта ауылда көтерілген шаңырақтың үштен бірі шайқалған.

Соңғы 18 жыл ішінде тіркелген неке саны жыл сайын бір қалыпты өсіп отырған. 2000 жылдардың басында өсім жылына  10 мыңды көрсетсе, бертін келе 2010 жылдары жылына 5 мың жұп оттасқан.  Ең көп тіркелген неке саны елде 2014 жылы болды. Ол жылы 168 мың отбасы құрылған. Одан кейінгі жылдары 20 мыңға бірден кеміген. Ал былтыр ел бойынша ең көп ажырасу көрсеткіші тіркелді.  

 

Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті