$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семей орманындағы өртке қатысты екі адам 7 жылға сотталды

Былтыр алапат өрттен 14 орманшы қаза тапқан 

Семей орманындағы өртке қатысты екі адам 7 жылға сотталды
Фото: freepik.com

14 адамның өмірін жалмаған «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватындағы өрт бойынша 2 қызметкерге үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бородулиха аудандық соты ҚК 292-бабы 3-бөлігі «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша қылмыстық істі қарады.

«Сот «Семей орманы» резерватында және Жаңа Үлбі филиалында басшылық лауазымдарды атқарған В. және К. орман өрті кезінде оларға жүктелген өртті сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамағанын, жағдайды дұрыс бағаламағанын және өртті сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегенін, соның салдарынан 14 адам қаза тапқанын анықтады. В. және К. кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген сараптамалармен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, заттай дәлелдемелерді алу хаттамаларымен және т. б. толық дәлелденген», - делінген соттың хабарламасында.

Осы айтылғандардың жазасы ретінде сот екі азаматты 7 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2023 жылы 8 маусымда «Семей орманы» резерватында өрт шығып, 14 орманшы көз жұмған. 12 маусым аза тұту күні болып жарияланды.

Серіктес жаңалықтары