$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2020, 13:18
Қоғам

Қазақстанда жолаушылар пойызға биометриялық сәйкестендіру арқылы отырғызылады

Пилоттық жоба Алматы-Атырау пойызында тексеріледі

Қазақстанда жолаушылар пойызға биометриялық сәйкестендіру арқылы отырғызылады

Келешекте Қазақстанда жолаушылар пойызға отырар алдында биометриялық сәйкестендіруден (идентификация – авт.) өтеді. Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Адал жол» жобалық кеңсесінің басшысы Исламбек Майшекин айтты.

«Жолаушы билетті сатып алғанда Digital ID қосымшасы арқылы биометриялық ақпарат алынады. Сөйтіп оның цифрлық ID картасы жасалады. Кейін де билет аларда осы картаны қолданып жүреді. Поезға отырарда адамның жеке мәліметтерін жолсерік емес, бағдарлама тексереді. Бұл – адам факторын, жемқорлық тәуекелін азайтады. Тағы бір артықшылығы – сіздің алған орныңызды ауыстыруға мүмкіндік болмайды, сіз келмей қалсаңыз, жолсерік босаған орынға келесі станцияда басқа адамды өз қалауымен отырғыза алмайды. Босаған орын ашық сатылымға шығарылады», - деді И.Майшекин.

Қазір биометриялық идентификация жасаудың бірнеше нұсқасы қаралып жатыр: вокзал перронында немесе вагонда жолаушыны тексеретін арнайы камера қойылады, не болмаса жолсерік смартфон арқылы тексереді. Жоба наурыз айының соңында жүзеге асу керек болған. Елдегі ахуалға байланысты төтенше жағдай режимі біткеннен кейін басталмақшы.

«Пилоттық жоба үшін Алматы - Атырау пойызын таңдадық. Екі-үш ай бойы сол поезда жүйені сынап көреміз. Кемшіліктері де сонда көрінер», - деп айтты бұл жайлы И. Майшекин.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары