$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2024, 08:53
Қоғам

ШҚО-да ашық алаңда от жаққан 400-ден астам адам айыппұл арқалады

Өңірдегі екпінді жел салдарынан өрт қаупі жоғарылады

ШҚО-да ашық алаңда от жаққан 400-ден астам адам айыппұл арқалады
Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында ашық алаңда от жаққан 400-ден астам адам айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Өңірдегі екпінді жел салдарынан өрт қаупі жоғарылады. Сол себепті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғын үйлер мен саяжай маңын әуеден бақылауға көшті. Көктем басталғалы облыс аумағында 7 дала өрті тіркелді. Қазір 40-тан астам мобильді топ құрылды. Олар орман алқабын өрттен қорғау үшін жол жиектері мен тоғайларды қоршай жер жыртып, тұрғындар арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Профилактикалық жұмыстар барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін бұзған жағдайда сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 336 және 410-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді Өскемен қалалық ТЖБ бас маманы Азамат Ахметжанов.

Серіктес жаңалықтары