Бүгінгі сот процессі 2 минутта аяқталды
Елорданың ауданаралық соты Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты отырысты кейінге қалдырды. Келесі сот процесі 13 мамырда өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін әйелін азаптап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаев пен оның қылмыстық әрекетін жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың сот отырысы бар болғаны 2 минутқа созылды. Судья алқабилермен ақылдасу үшін кеңесу бөлмесіне кетіп, үзіліс жарияланған.
Еске салсақ, өткен сот отырысында Бишімбаев пен Байжанов үкім алдындағы соңғы сөздерін айтты. Экс-министр фашистік Германияның басшысы болған Гитлердің жақтасының сөзін мысалға келтірген еді.