Коронавирусқа қарсы 2,9 млрд доза вакцина шығарған Қытай биологиялық зертханасынан репортаж
Бұл компанияның нарықта жұмыс істегеніне 20 жыл толып отыр
Қытай халықаралық баспасөз орталығының шетелдік журналистерге арналған бағдарламасына қатысып жатқан БАҚ өкілдері Бейжіңдегі Sinovac лабораториясында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Sinovac Biotech Ltd. – адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауға арналған вакциналарды зерттеу, әзірлеу, өндіру және сатумен айналысатын қытайлық биофармацевтикалық компания. Sinovac өнімдерінің қатарында COVID-19-ға қарсы, энтеровирус7 (EV71) (HFMD), алақан-аяқ-ауыз жұқпалы ауруы, А гепатиті, полиомиелит, маусымдық тұмау, пневмококк инфекциясы, H5N1 пандемия тұмауы (құс тұмауы), H1N1 тұмауына (шошқа тұмауы) қарсы вакциналары бар.
Sinovac компаниясының директоры Лю Пэйчанның айтуынша, Sinovac-тың COVID-19-ға қарсы CoronaVac вакцинасы әлемнің 60-тан астам елінде, аймақтарында және ұйымдарында шұғыл пайдалануға және шартты түрде сатуға рұқсат алған.
«14 ел CoronaVac-ты кәмелетке толмағандарға салуға рұқсат берген. Жалпы алғанда CoronaVac-тың әлемдегі қоры 2,9 млрд доза болды. Компанияға 20 сәуірде 20 жыл толды. Осы жылдары компания табысының бір үлесі су тасқыны мен жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде беріп отырды», - деді ол.
Ал компаниядағы вакциналардың әзірлеуіне қатысатын дәрігер Чэнь Куньнин коронавирусқа қарсы әзірленген вакцина қанша клиникалық сынақтан өткенін айтты.
«Өнім нарыққа шықпас бұрын біз мыңдаған адамға, соның ішінде балаларға кем дегенде мың сынақтан өткіздік. Біз сондай-ақ әртүрлі жас топтарында бірқатар сынақты жүзеге асырдық. Ол 2 жастан 6 жасқа дейін, 6 жастан 14 жасқа дейін, 14 жастан 59 жасқа дейін және 59 жастан асқан адамдар арасында жасалды. Осы тақырыпта жарияланған көптеген ғылыми мақала бар, оларда толық ақпарат бар. Нарыққа шыққаннан кейін де біз клиникалық кезеңнен өтуді жалғастырдық. Бізде жүз мыңнан астам сынақ негізінен Оңтүстік Америкада жасалды, өйткені coronovac негізінен сол жерде қолданылады», - дейді ол.
Дәрігер атағандай, Гонконгта халықтың жартысы BioNTech-тен бір вакцина пайдаланған, ал қалған жартысы Coronovac-ты қолданған.
«Бұл тиімділікті салыстыруға мүмкіндік берді. Біз сондай-ақ нақты өмірде зерттеу жүргіздік, онда екі вакцина да бірдей қорғаныс дәрежесін көрсетті. Зерттеуге ондаған мың адам қатысты», - дейді Чэнь Куньнин.